- Джейкобс өте күшті боксшы, оның нокауттарға түсірген сәттері де баршылық. Жұрттың көбі оған сенбейді, бірақ оның мүмкіндігі бар. Ол өзі айтқандай, әлемді таңқалдыруы да ғажап емес.
Бірақ шынын айтқанда, ол Головкинді сұлатып салса, таңданған болар едім - GGG иегі өте мықты. Егер жеңімпаз жайлы әңгіме болса, мен бірден Головкинді атар едім. Ол Джейкобстан күшті әрі қауіпті, -деді Агбеко.
Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болады.