Африкалық шошқа обасы Омбы облысының тағы екі ауданында табылды
Бұдан бұрын оба Омбы облысының 32 ауданының алтауында тікелген. Өңірде ТЖ режімі жарияланды. «Мәскеу ветзертханасы патологиялық материалды, қан сынамасын зерттеген кезде Юрьево Кормиловский ауданында және Кабурлы Нижнеомский ауылынан оба вирусын растады», -деп нақтылады ведомствода.
Бұл аумақтарға карантин енгізіледі. Бес шақырым аумақтағы барлық шошқалардың көздері жойылады. Олардың иелеріне өтемақы төленеді. 3 тамыздағы жағдай бойынша 8 мыңдай шошқаның көзі жойылды.
13 шілдеде Омбы облысында оба Саргат ауданы Верблюжье кентінде тіркелді. Кейіннен індет Омбы, Саргат, Таврический, Любинский, Оконешниковский аудандары елдімекендерінен анықталды.
Омбы облысы мал ауруларымен күрес стансасының бастығы Борис Гуриновтің айтуынша, вирустың омбылық ірі шошқа кешеніне жұғу қаупі жоқ.
Айта кетерлігі, Омбы ауданында үш ірі мал шаруашылығы кешені бар. Бірақ мамандар ондағы үй жануарларына індеттен қауіп жоқ деп отыр.
Африкалық шошқа обасы - жабайы қабандар мен үй шошқаларында болатын вирусты ауру. Өткір түрі 100 пайыз малдың өліміне әкеледі. Вирус-қоздырғыш жоғары температураны жақсы көтереді. Жемтікте, топырақта ұзақ уақыт сақталады. Ресейде алғаш рет 2007 жылы тіркелген.