Сондай-ақ Швеция аруы Ронния Форнстедт көркем ару, Панамадан Шелдри Саес таңдаулы ұлттық киімі үшін, ал Черногориядан Николина Лончар ақылды ару жүлделеріне ие болды. Финалға Бразилия, Филиппин, Қытай, Украина және Ангола сұлулары шықты. Ал ең сұлу қыздарды осындай конкурстарға үнемі шығарып жүрген Венесуэла аруы таңдаулы 16 қыздың қатарына да кіре алмай қалды.
14:45, 13 Қыркүйек 2011
Африкандық әлемнің ең сұлу аруы атанды
ТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан-Паулу қаласында «Әлем аруы» конкурсы аяқталды. Оның барысында ойламаған жерден әлемнің ең сұлу аруы атағына Анголадан Лейле Лопес ие болды.