Ол Ұлыбританиядан саяси баспана сұраған, деп хабарлады британдық БАҚ.
Спортшының есімі белгісіз, ол құпия болып қалғысы келген. Дегенмен әлгінің Шығыс Африка өкілдерінің бірі екені белгілі болды. Оның Суданнан келген болуы ықтимал. Айта кетейік, Олимпиада ойындарына бұл мемлекеттен небәрі 6 спортшы қатысады. Бұл елдің Олимпиада комитеті орын алған оқиғаға қатысты әзірге еш пікір блдірмей отыр.
Саяси баспана туралы спортшы Лидсаның полициясына хабарласып сұраған. Полицияның баспасөз хатшысы атап өткендей, олар хабарласқан ер адамды тапқан. «Біз ұстадық, бірақ қамауға алу үшін емес. Ол Ұлыбританияның Шекара агенттігіне жөнелтілді, қазір онымен тиісті шаралар атқарылуда»,-дейді баспасөз хатшысы.