Африканың 4 аймағындағы гуманитарлық дағдарыс БҰҰ тарихында алғаш рет болып отыр
06:30, 11 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен қазіргі таңда 20 млн-нан астам адамға ашаршылық қауіпі төніп тұрғандығын атап өтті, деп хабарлайды ТАСС.
Агенттіктің мәліметтерінше, Африканың Йемен, Нигерия, Сомали, Оңтүстік Судан сияқты 4 мемлекетіндегі дағдарыс БҰҰ құрылған 1945 жылдан бергі алғашқы жағдай. Бұны Стивен О'Брайен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде мәлімдеді.
«Біз тарихтың ең сындарлы шағында тұрмыз. Біз жылдың басында-ақ халықаралық ұйым тарихындағы ең алғашқы ірі дағдарыспен бетпе-бет келдік. Осы уақытта 4 мемлекеттегі 20 миллионнан астам адамға ашаршылық қауіпі төніп тұр. Жаһандық деңгейдегі жақсы үйлестірілген ұжымдық әрекет болмаса, адамдар аштықтан қырылып қалады. Аман қалғандары түрлі аурулар мен қиындықтардан зардап шегеді»,-деді О'Брайен.