Полицияның деректеріне қарағанда, 43 жастағы бизнесменді бетперде жамылған адамдар таңертеңгілік қонақ үйдің жаттығу залы маңында ұрлап кеткен.
Осы оқиғаға байланысты үш адам ұсталған. Бірақ олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы беймәлім.
Алдын ала деректерге қарағанда, адам ұрлағандардың екеуі -шетелдік.
Еске сала етсек, "Форбс" журналы Девджидің байлығын 1,5 млрд долларға бағалаған. Оны Танзанияның жалғыз миллиардері деп есептейді.