Бұл жайында шетелдік БАҚ-тар хабарлады.
Алдын ала бағалау бойынша, жерасты теңізі елдің солтүстігін 400 жыл бойы сумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Намибияда Атлант мұхитының жағалауын есепке алмағында ірі су қоймалары жоқ, өзендер аз. Олардың басым бөлігі аптап ыстықтың салдарынан тез суалып кетеді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы дамытуға еш мүмкіндік жоқ.
Ғалымдардың пайымынша, табылған су көзі елдегі ауыл шаруашылығының гүлденуіне септігін тигізе алады. Олардың пікірінше, жерасты теңіізі экологиялық тұрғыдан таза, өйткені ондаған мың жыл бойы оған ешкім тиіспеген.