Аға сержант 22 жылға сотталды

МӘСКЕУ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Келісім-шартпен қызмет атқарып жатқан аға сержант Николай Еремин үш офицерді сабап, оның біреуі қазаға ұшырағаны үшін 22 жыл колонияда отыруға сотталды,

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Бұл оқиға Мәскеу әскери округінің гарнизонында болды. Ол мас күйінде осындай қылмысқа барған. Сот үкімі заңды күшіне енді.