АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде әзербайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан «А» санатындағы халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде 56 келі салмақ санатында ел намысын қорғаған Әлібек Жарқынбек алтын медаль иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар осы турнирде Евгений Павлов (52 келі), Талғат Шайкенов (60), Елдияр Камшыбеков (81) және Дамир Тойшыбай ( 91) күміс медаль алды.
Аға жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев басшылық жасаған Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте әзербайжандықтардан кейін 2-ші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, турнирге әлемнің 18 елінен 17-18 жастағы 160-тан астам спортшы қатысты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.