Ағаш құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
15:49, 11 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның оңтүстік-батысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Абырой болғанда, апат салдарынан жолаушылардан ешкім зардап шеккен жоқ.
Таблоид Bild-тің хабарлауынша, оқиға сейсенбі күні түнде Фрайбург-Брайзах теміржол желісінде болған. Пойыз жолға құлаған ағаш салдарынан рельстен шығып кеткен.
Пойызда 120 жолаушы болған, төтенше жағдайдан кейін олар қауіпсіз жерге жеткізілген.
Фото: © Fotolia / Parallel_dream