Полицияның хабарлауынша, бағалы заттардың иесі өз велосипедінің ақауын жөндемек болған кезде ақша және алтын салынған түйіншекті жерге қойып, артынан ұмытып кеткен.
Арада біршама уақыттан соң тап сол жерден өтіп бара жатқан жолаушы оны ашып қарағанда... қатты таңданады. Әзірге есімі аталмай отырған азамат құнды заттарды полицияға тапсырған.
Түйіншекте жеке мүліктері болғадықтан оның иесін табу көп қиындық келтіре қойған жоқ.
Енді әлгі жан адалдығы үшін марапатталатын болады.
Неміс заңнамасына сәйкес, жоғалған заттарды тапқан адамдар сол тапқандарының құнының үш-бес пайызын алуға құқылы.
Ал мына жағдайда сыйақының мөлшері екі мың еуроға жетуі мүмкін.