Сонымен қаладағы ағаштар мен жасыл желектердің қандай пайдасы бар:
- ауаның сапасын жақсартуға және шаң-тозаңның бір бөлігін ұстауға;
- қаланың шамадан тыс қызуын бәсеңдетуге;
- қолайлы микроклимат қалыптастыруға;
- көлік және басқа да көздерден тарайтын шудың әсерін азайтуға;
- құстар, жәндіктер мен басқа да тірі ағзалар үшін мекендеу ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
— Әсіресе ыстық әрі құрғақ кезеңдерде жасыл желектердің маңызы арта түседі. Ағаштардың көлеңкесі жер бетінің қызуын азайтса, жапырақтар арқылы судың булануы қоршаған ортаның салқындауына ықпал етеді. Сондықтан қаланы көгалдандыру — оның көркін арттыру ғана емес, тұрғындар үшін қолайлы әрі экологиялық тұрақты орта қалыптастырудың маңызды бағыты, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Осыдан бұрын Ұлытау облысында бір күнде 1 550 түп жасыл желек егілгенін жазғанбыз.