Ағаштар мен гүлдер қурап қалған: Елорда әкімі бірнеше саябақта болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен бірге саябақтар, бульварлар мен ботаникалық бақта болып, олардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Мәселен, өткенжылы ғана ашылған »Жетісу« саябағында ағаштар қурап қалған, қурағаншөптер жиналмаған, газондар абаттандырылмаған. Сондай-ақ ағаштардың солған бұтақтарыкесілмеген. Суару жүйесі аумақта жұмыс істемейді. Кейбір ағаштарсудың жетіспеуіне байланысты өте нашар күйде.

Ал »Нұрлыжол« желекжолында кейбір гүлзарларда гүлдер мүлдем жоқ, ағаштар кеуіпжатыр», - деп жазды қала басшысы Instagram-да.

А.Көлгіновтыңайтуынша, «Ғашықтар» саябағы да дәл осындай жағдайда. Онымен қоса, сынғанплиталар фонтан келбетін бұзып тұр.

Ботаникалық бақтагүлдер отырғызылып, көгалдар төселген. Суару жүйесі де қалпына келтіріліп,субұрқақтардың жұмысы іске қосылған. Мұнда да ағаштар мен бұталардың жай-күйінқалпына келтіру қажет етеді. Әкімшілік ғимараттарының алаңында суарудың дұрысеместігінен және арзан шымтезек таңдау салдарынан гүлдер солған. Өсімдіктерменбірге арамшөптер өсіп тұр.

Қала әкімі атапөткендей, «Астана-Зеленстрой» АҚ жұмысын қалпына келтіру,өсімдіктерді емдеу және тұрақты негізде ағаштарды, гүлдер мен бұталардысуарумен айналысу қажет.


Соңғы жаңалықтар