Ағаштың басында отырған аю құтқарылды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында қызық оқиға орын алды. Панама-сити қаласында ауладағы ағаштың басына шығып алған аю тұрғындарды әбігерге салды, деп жабарлайды Дни ру.

Қара аю ағаштың басына шығып алып, бірнеше сағат бойы отырған. Ол шамамен 10 метр болатын биіктіктен түсуге қорықса керек. Тұрғындар дереу құтқару қызметіне хабар беріп, олар келісімен хайуанға ұйықтататын дәріні екті. Аю құлаған кезде оны қалың кенептің көмегімен қағып алмақ болған. Алайда кенеп салмағы 115 келі маймақты көтеруге шыдамай жыртылып кетті. Сөйтіп, ұйықтап жатқан хайуан жерге топ ете түсті. Ұйқысының қатты болғаны сонша, құлап жатса да ояна қоймады.