Ағасын өлтірген елорда тұрғыны 9 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағасын өлтіргені үшін елорда тұрғыны 9 жылға сотталды. Астана қ. қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К.-ға қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қаралды.

Астана қаласы сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сот отырысы кезінде спирттік ішімдікті ішу кезінде ағайындылар арасында дау туып, күдікті ағасының кеудесіне пышақ сұққаны анықталды. Жарақат салдарынан ағасы қаза тапты.

Сот үкімімен К. айыпты деп танылып, 9 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтейтін болды.

Үкім заңды күшіне енбеді.