Қазақстандықтар Сергей мен Тимофей Емельяновтар Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ағайынды Тимофей мен Сергей Емельянов каноэ есуден 1 мың метр қашықтықта мәреге өзбекстандықтардан кейін екінші болып жетті. Үндістандықтар үздік үштікті түйіндеді.
Бұған дейін Сергей кеше Тимур Хайдаровпен бірге Азия алтынын алса, Тимофей жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түскенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).