Қазақстандағы есу дамуының тарихында алғаш рет шымкенттік ескекшілер: ағайынды Тимофей және Сергей Емельяновтар каноэде есу бойынша, 1000 метрлік қашықтықта алтын медаль алып, жастар арасында (23 жасқа дейін) әлем чемпиондары атанды. Және каноэде спринтерлік 200 метр қашықтықта Сергей Емельянов қола жүлдеге ие болды.
Ағайынды Емельяновтар ҚР еңбек сіңірген бапкерлері Жарменов Денис пен Строков Сергейдің жетекшілігімен жеке бағдарлама бойынша жаттығады. Жақында ғана Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған, спорттың есу түрлеріне арналған еліміздегі жалғыз оқу-жаттығу спорттық базасында дайындықтан өтті.
Минскідегі сайыстардың нәтижесімен бірге, Сергей Емельянов жасөспірімдер және жастар арасындағы бес дүркін әлем чемпионы атанғанын атап өткен жөн. Бүгінде ол Қазақстанның атақты ескекшісі. 2011 жылы Германиядағы жастар әлем чемпионатында (18 жасқа дейін) ағайындылар каноэдегі жұптық жарыста 1000 м, 500 м және 200 метр қашықтықта қатарынан үш алтынды жеңіп алды және сайыс қорытындысы бойынша тұңғыш рет абсолютті әлем чемпиондары атанды. 2013 жылы Канадада өткен жастар әлем чемпионатында Сергей Емельянов каноэде 1000 метр қашықтықта сынға түсіп, алтын медальға және 200 метр қашықтықта күміс медальға ие болды.
Бапкерлердің айтуынша, ағайынды Емельяновтармен жоспарлы жұмыс жүргізілуде, Токио олимпиадасына қатысу ойда бар. байдаркада есу және каноэ бойынша оңтүстікқазақстандық федерация бірнеше олимпиада чемпиондарын дайындаған жетекші Польша мамандарымен келіссөздер жүргізді және келесі жылдан бастап ағайынды Емельяновтар үздік мамандармен бірігіп жұмыс істейді.