Ағайынды Рысқалиевтердің жымқырған қаржысы 30 миллиард теңгеден асып жығылады
00:14, 07 Қазан 2013
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ағайынды Рысқалиевтердің жымқырған қаржысы 30 миллиард теңгеден асып жығылады. «КТК» телеарнасы «Халық қызметшісі» бағдарламасының қонағы болған ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай деді.
«Тергеу әлі толық аяқталған жоқ. Сома өте үлкен, шамамен 30 млрд. теңгеден асып жығылады. Бұл соңғы сома емес, тергеу әлі аяқталған жоқ», - деді И.Меркель.