Ағайынды жігіттер суға батқан жасөспірімді бір өлімнен құтқарды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ағайынды екі жігіт жасөспірімді су түбінде ес-түссіз жатқан жерінен шығарып, аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға Қаражал елдімекенінде болған. 13-15 жастағы бір топжеткіншек Қылыш су қоймасына шомылып жүрген. Кенет жасөспірімдердің біріайналасынан көмек сұрап айғайлай бастайды. Көп ұзамай ол су астына батыпкеткен.

«Балалардың айғайынағайынды Қанат және Дәулет Әбсадыровтар естіп, батқан жеткіншекті су астынаніздей бастайды. Олар жағадан 2 метр жерде, 6 метр тереңдіктен суға батқанжасөспірімнің ес-түссіз денесін жағаға алып шыққан. Бұл кезде бала тыныс алуынтоқтатқан болатын. Ағайынды жігіттер оның жүрегіне массаж жасап, жасанды жолменауа үрлеп, баланың бетін бері қаратқан. Кейін оны құтқарушылар жедел жәрдемгесалып жіберді», - делінген департаменттің баспасөз ақпаратында.

Қазір суға батқанжасөспірім ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалапотыр. Құтқарушылар ағайынды жігіттердің алғашқы медициналық көмекті сауаттыкөрсетуі баланың жанын алып қалғанын айтады. Мамандардың айтуынша, суданқұтқарылған адам тыныс алуын тоқтатқан жағдайда 5-6 минут ішінде оны құтқарып қалуғаболады.

Соңғы жаңалықтар