НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу жүйесін жаңартудың мақсаттылығын зерттеп жатыр. Бұл туралы аталған агенттік төрағасыныың бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жақында елордадағы балабақшаларда орындарды бөлу кезінде техникалықпроблемалар тұрғындардың наразылығын тудырды», - деп атап өтті О. Бектенов.
Осыдан кейін агенттік бұл мәселені тексеруге кірісті.
«Осы бағыттағы шаралар барысында «индиго» деген атаумен енгізілген жаңаақпараттық тұғырнама жұмысында іркіліс болғанын анықтадық. Қазіргі уақыттабұрынғы ақпараттық тұғырнаманы жаңасына ауыстырудың мақсаттылығын зерттеудеміз.Осы екі жүйеге де бюджет қаржысы бөлінген болатын», - деді Олжас Бектенов.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.