деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер инспекторларының аздығынан, аудандардағы штаттық құрамның болмауы республика аумағында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруда проблемалы болуда», деді Агенттік төрағасы.
Аталған мәселе барлық облыстардың, қалалардың атқарушы органдарында көтерілгенін жеткізген ол, олардың барлығы да инспекторлардың штаттық санын арттыруды сұрап отырғанын, алайда бұл мәселе шешілмеген күйінде қалғанын жеткізді.
«Осыған ора, Кәрім Қажымқанұлы, бұл проблеманы кезең-кезеңмен шешуге қолдау көрсетуіңізді сұраймын», деді Ө. Өзбеков.