деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Статистика агенттігі былтырғы жылы өткен халық санағының қорытындыларын шығару жұмыстарын аяқтап келе жатыр. Ал қорытындылау жұмыстарының бұлайша ұзаққа созылуының негізгі себебі, былтыр агенттіктің бұрынғы басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сондықтан да, агенттіктің бұрынғы басшылары санақтың қорытындысын шығару жұмыстарына мүлдем қатыспады. Осы себептерге байланысты қорытындылау жұмыстарының барлығы былтырғы жылдың аяғына таман - қараша, желтоқсан айларында қолға алынып, қазір де жалғасып келеді. Оның үстіне, жұмыс барысында санақ бойынша көптеген кемшіліктерді түзету қажеттігі туындады. Қазіргі күні санақ қорытындысы аяқталуға таяу, әкімшілік деректермен, ағымдағы статистикалық мәліметтермен салыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.