Ағыбай Әмірин 1972 жылы 9 мамырда Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
1995 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «математика және информатика мұғалімі», 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану», 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін «экономика және бизнес» магистрі мамандығы бойынша аяқтаған.
2003 жылдан Ақсу қаласының Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2006-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің кеңесшісі, кейін басшысы болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет етті.
2014-2016 жылдары — Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл.
2016 жылдың 18 қарашасынан 2018 жылдың 21 мамырына дейін Ақтоғай ауданының әкімі.
2018 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін — Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.