деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қатаркөл ауылдық округіндегі серіктестік аймақтағы картоп өсіруге маманданған іргелі ауыл шаруашылығы нысаны болып саналады. Мұнда бұл дақыл 600 гектарға егілсе, келер жылы бұл көлемді екі мың гектарға жеткізу көзделуде. Қазір әр гектардан орта есеппен 180 центнерден өнім жиналуда. Мұның өзі биылғы жылы он мың тонна төңірегінде өнім алуға мүмкіндік береді деген сөз.
Серіктестік өніміне деген сұраныс Астана мен Атыраудан, Шымкент пен Тараздан көптеп түсуде. Күзгі жиын-терін жұмыстарына алты арнайы техника, 15 тіркемелі трактор тартылған. Маусымдық жұмыс 20 адам жұмыс істеуде.