Н.Сейсенбаевтың айтуынша, Қазақстанда соңғы 15 жылдың ішінде 163 ауданда 12 400 ауыл өндірушілерінің басы біріккен 176 несие серіктестігі құрылған екен.
«Ал, соңғы үш жылда несие серіктестіктерінің саны 83,7 пайызға артып, бүгінге 44,4 мың жұмыс орнының басын біріктіріп отыр», - деді Н.Сейсенбаев.
Брифинг барысында белгілі болғандай, «Аграрлық несие корпорациясы» 15 жыл ішінде несие серіктестіктері арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 174 млрд теңгеге жуық несие бөлген. «Биылғы 5-інші шілдеге сәйкес, дербес несиелеу лимиті бойынша несие серіктестіктері арқылы 29,3 млрд теңге берілді»,-дейді Н.Сейсенбаев.