«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылық секторын қаржыландыру аумағын ұлғайту мақсатында, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне несие беру үшін екінші деңгейлі банктерге қаржы бөле бастады, деп хабарлайды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметінен.
Осыған байланысты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен екінші деңгейлі банк өкілдеріне екі күндік тегін оқыту семинарларын өткізді. Бүгінгі күнге дейін осындай екі семинар ұйымдастырылып, оған 47 банк өкілі қатысты.
Жақында өткен екінші семинарға «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Астана банкі» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «Цеснабанк» АҚ келген 23 қызметкер қатысты.
Семинар екінші деңгейлі банк өкілдерін мал шаруашылығы бойынша несие беруші, кепілді қамтамасыз етуші, тәуекел-менеджмент және заңгер мамандардарды оқыту бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Семинар барысында осы жиынға шақырылған «ҚазАгроӨнім» АҚ мамандары мал шаруашылығына қатысты сұрақтарға жауап берсе, «Қазагромаркетинг» АҚ өкілдері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне субсидия беру жөнінде қажетті кеңестерін жеткізді және корпорация мамандары да мал шарауашылығы саласындағы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеудің ерекшеліктері туралы сұрақтарға жауап берді.
Оқыту бағдарламасы аясында жиналғандар қой шаруашылығы, ірі қара өсіру және жылқы шаруашылығын дамыту секілді түрлі бағытта тәжірбие алмасты. Сондай-ақ қаржыға алынған мал басын қадағалау, оның ішінде несиеге алынған мал басын еспке алу, өндірістік шығындарды есептеу, ет сатудан түскен пайданы есептеу секілді теориялық және тәжірбиелік сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында семинарға қатысушылар келешекте пайдасы зор мұндай оқыту курстарына өз қызғушылықтарын білдіріп, корпорация мен агроөнеркәсіп кешені бағытында ынтымақтастықты одан нығайтуға ұсыныстарын жеткізді.