Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға және өнімді егу мен жинау бойынша өзге де қажетті шараларды уақтылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын өткізуге қажет несиені 5% жылдық ставкамен үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанына дейінгі мерзімге, екінші деңгейлі банктердің кепілдемесі арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы 9%-ға дейін жылдық сыйақы ставкасы бойынша кепілге жылжымалы және жылжымайтын мүлік қою арқылы да қол жеткізуге болады.
Айта кетейік, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ негізгі мақсаты - еліміздегі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы аграрлық саланы индустрияландыру және әртараптандыру.