Бұл қаржыға Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шаруа қожалықтары ағымдағы науқан кезінде 1 млн. 300 мың гектар жерге көктемгі егін-егу жұмыстарын жүргізбек. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені субьектілеріндегі көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелеу бағдарламасы бойынша, Корпорация биылғы жылы аталған шараға республикалық бюджеттен 39 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, корпорациядан кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы еліміздің 13 облысындағы 285 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 2 млрд. 230 млн. теңге несие берілді. Қазіргі күні корпорацияға Агроөнеркәсіп кешені субьектілеріндегі көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелеу бағдарламасы мен кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 26 млрд. 615 млн. теңгеден аса қаржыға өтінімдер келіп түскен
«Бұдан өзге, кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы көктемгі егін егу және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін несие орташа 8-9% жылдық сыйақы ставкасы бойынша, негізгі қаражат алуға - 9 жылға дейін, айналым қаражатын толтыруға - 2 жылға дейін беріледі. Кредит бойынша міндетті қамтамасыз ету: жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мал басы, пайдаланылатын жер және тағы басқа. Қамтамасыз етудің кепіл құны қарыз сомасын 120% кем емес жабуы тиіс. Өткен жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен көктемгі егін егу және күзгі жиын терім жұмыстарын несиелеу аясында Корпорация тарапынан 800 мың га аса аумаққа көктемгі егін егу және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін 19 млрд. аса теңгенің қаржысы берілді», - делінген баспасөз хабарламасында.