«Қазірі уақытта корпорацияға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 21 млрд теңгеден асатын несие алу туралы өтініштер қабылданған. Бұл қаржыға диқандар 1 млн гектардан аса егін алқабына көктемгі егіс және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізе алады», делінген баспасөз баянында.
Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға және егін науқанына қажетті басқа да шараларды уақтылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Бұдан өзге, несие серіктестіктерін қорландыру бағдарламасы аясында компанияға жыл басынан бері көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 155 агроөнеркәсіп кешені субъектілерінен жалпы құны 2,7 млрд теңгенің өтініші келіп түскен. Сондай-ақ, биылғы жылы корпорацияға Оңтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі егін егін егу жұмыстарына қаржыландыру үшін «Ырыс» ЖШС шағын қаржы ұйымы мен «Максимум» ЖШС аймақтық инвестициялық орталығынан ұсыныстар қабылданған.