Аталған сомаға қол жеткізген «Alma Green Fields» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздегі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелендіруге бағытталған екінші деңгейлі банктерді қорландыру бағдарламасы аясында қаржыландырылды, деп хабарлайды Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі.
Серіктестік (Алматы қаласынан 150 шақырым жердегі) Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан.
Жобаның мақсаты - алма, шие, қара өрік секілді жеміс бағын өсіруге арналған кешенді қалыптастыру. Бақтың аумағы - 278 га. Шаруашылық бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 7 жыл мерзімге 2 млрд. теңгеден аса қаржы алды.
Өндірістің жобалық қуаты - 10 720 тонна, оның ішінде 9820 тонна алма, 600 тонна қара өрік және 300 тонна шие бар
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты - аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустрияландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.