деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы «ҚазАгро» Ұлттық Басқару холдингі» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы болып табылады.
«Берік Тақабаевтың банк құрылымындағы басшылық қызмет атқарған уақыттағы елеулі тәжірибесі және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыстың барысын жетік түсінуімен үйлестіруі біздің еншілес компания қызметінің тиімді дамуына оң әсерін тигізеді», деді оны тағайындау кезінде «ҚазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ы Басқарма Төрағасы Асылжан Мамытбеков.
Тақабаев Берік Төлепбергенұлы 1971 жылы туған, Қостанай қаласының тумасы, Қостанайдағы ауыл шаруашылығы институтының «Экономика және агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқару» мамандығын тәмамдаған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.