Аграрлық секторға көрсетілген жүйелі мемлекеттік қолдау өз нәтижесін беруде - Н.Назарбаев

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Аграрлық секторға көрсетілген жүйелі мемлекеттік қолдау өз нәтижесін беруде. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев бүгін барлық аймақтың әкімдерімен болған жұмыс кеңесінде мәлім етті.

«Ауыл тұрғындарына жүйелі мемлекеттік қолдау көрсету, аграрлық секторға ілгерінді технологияларды жеделдетіп енгізу ісі өз жемісін беріп отыр. Нәтижесінде, биылғы құрғақшылыққа қарамастан, 13,7 миллион тонна астық жиналды. Оның ішінде еліміздің экспорттық әлеуеті 7 миллион тоннаны құрайды. Оған қоса, былтырғыдан 25 пайызға артық күріш жиналды», - деді Президент өз сөзінде.

Елбасы сондай-ақ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтардың өз проблемаларымен жеке қалып қоймағанын айтты. Оларға 1,5 миллиард теңге көлемінде демеуқаржы бөлініп отыр. Несиелер, тұқымдық ссудалар және лизингілік төлемдер бойынша олардың мерзімдері ұзартылуда.