Агрис Прейманис Қазақстандағы ЕҚҚДБ жаңа директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа қайта құру және даму банкі Агрис Прейманисті Банк операцияларының ең ірі мемлекеттерінің бірі, банк инвестициясы 8 млрд. АҚШ долларынан асқан  Қазақстан бойынша жаңа директор етіп тағайындады, деп хабарлады ЕҚҚДБ сайтында.

Бұл туралы бүгін ЕҚҚДБ бірінші вице-президенті Фил Беннеттің жетекшілігімен жоғары лауазымды делегация барған Алматы қаласында мәлім етілді.

Латвия азаматы Агрис Прейманис Оксфорд университетінің экономика және қаржы докторы дәрежесіне ие. Ол ЕҚҚДБ  2010 жылдан бері жұмыс істейді және 2014 жылдан бері Орталық Азия өңірі бойынша бас экономист лауазымын атқарып келеді. Бұл қызметте жүріп А. Прейманис Алматы қаласына ауыстырылды және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен іскерлік ортасындағы ЕҚҚДБ серіктестерімен тығыз байланыс орнатты. Сонымен бірге, ол Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесінде инновациялық-технологиялық даму және экономиканы әртараптандыру бойынша жұмыс тобының тең төрағасы және операциялар бойынша комитет мүшесі болып табылады.

Өз қызметінде доктор Агрис Прейманис Джанет Хекман ханымды алмастырады. Джанет Хекман Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі өңірлері бойынша ЕҚҚДБ басқарушы директоры атанды.