Оның ойынша, аталған бағдарламаға ауыл шаруашылығы бойынша машина жасау өнеркәсібі мәселесін енгізу керек. «Себебі бүгінде бізде жүрген ауыл шаруашылығы техникасының 99 пайызы шетелде шығарылған. Қазір осы саладағы шағын техника фермерлер үшін қолжетімді болуы тиіс. Әсіресе, Оңүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарына ондай техника ауадай қажет. Себебі ол аймақтарда фермерлердің басым бөлігі - 100 мыңнан астам шағын шаруа қожалықтары шоғырланған», - дейді Ә.Даринов.
13:06, 13 Тамыз 2013
«Агробизнес - 2020» бағдарламасын әлі де толықтыру қажет - ҚР Фермерлері одағы
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінде «Агробизнес - 2020» мемлекеттік бағдарламасын әлі де толықтыра түсу қажет. Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Фермерлері одағының президенті Әуезхан Даринов осылай айтты.