«Қаржы көздеріне фермерлердің қолжетімділігін арттыру секілді бірқатар жаңа тетіктер ашылып отыр. Бағдарламының жалпы қаржыландыру сомасы өзгерген жоқ. Осы құжатта 3 трлн. 122 млрд. теңге қаржы көзделген. Оның 2,6 трлн. теңгесі бюджеттік қаржы көздерінен, ал қалғаны қаржы нарықтарынан қамтылмақ. Бұл бағдарламада 2020 жылға дейін субсидияны 4,5-5 есеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, субсидиялардың жалпы көлемі өзгеріп қана қоймай, өсімдік және мал шаруашылығы арасындағы үйлеспеушілік жойылады. «Әсіресе, мал шаруашылығын дамыту басымдығы секілді жоспарлар бекітілген. Осы өзгерістерде аталған басымдық сақталып, ары қарай дамытылып отыр», - деді А. Мамытбеков.