Осыған орай банктер қазір өздерінің заңсыз түрде алған 1,7 миллион теңгесін қайта қайтарды. Бұл мәліметтермен журналистерді бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков апталық брифингте таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда заң бұзған банктердің жауапты қызметкерлеріне әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, кемшіліктерді түзету жұмыстары жалғасуда. «Прокурорлық тексерулер барысында агроөндіріс кешенін қолдауға бағытталған қаржының мақсатсыз пайдаланылу әрекеттері анықталды. Ал көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген несиелерді бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер несиелік қарыздарын жабуға, шетел валютасын сатып алуға пайдаланған және банктердегі депозиттерге орналастырған. Бүгінде осындай заңсыздықтарға жол берген әрекеттер бойынша құны 12 миллион теңгені құрайтын 3 заем қайтарылып алынған. Оларға тағы қосымша айыппұл салынды», деді Н.Сүйіндіков.