Мемлекет басшысы қазіргі қолданыстағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аяқталатындығын атап өтті.
«Үкіметке бизнеспен бірлесіп, алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа сапалы ұлттық жобасын әзірлеуді бастауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президентінің атап өтуінше, аталған жобаның басты мақсаты - ірі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін 2,5 есе ұлғайту, агроөнеркәсіп кешені өнімдері экспортын екі есеге көбейту болмақ.