«Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының III бағытын іске асыру аясында Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 18 қазандағы хаттамасына сәйкес, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары арқылы қаржыландыру жолымен құны 311,9 млрд теңгені, қаржыландыру сомасы 100,0 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаның тізбесі бекітілді. Алдын ала бағалау бойынша 40 инвестициялық жобаны іске асыру 4 263 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді Е.Қарашөкеев.
Оның айтуынша, министрлік трансұлттық компаниялардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 10 аса ірі инвестициялық жобаны іске асыруды пысықтап жатыр. Инвестициялардың жалпы сомасы 2,3 млрд АҚШ долларын құрайды. «Tyson Foods» компаниясы жалпы құны 300 млн АҚШ долларын құрайтын ет өңдеу зауытын салуды көздейді.
«Valmont» компаниясы жалпы инвестициялар құны 50 млн АҚШ доллары құрайтын жаңбырлатқыш машиналар шығаратын зауыт салу жобаны жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, швейцариялық компаниялар қатысатын жобалар пысықталуда.
«KS Genetics» компаниясы Алматы облысында толық циклді инновациялық, экспортқа бағдарланған мал шаруашылығы кешенін құру бойынша жалпы құны 49 млн АҚШ долларын құрайтын зауыт салу жобасын жоспарлауда.
«INOKS» компаниясы Алматы облысында аумағы 1000 га болатын қарқынды бақ отырғызу және жалпы сыйымдылығы 7900 тоннаны құрайтын жеміс сақтау орнын, жеміс өңдеу цехтарын салу жобасын іске асырады. Жобаның жалпы құны 81,5 млн АҚШ долларын құрайды.
Голландиялық «Farm Frites» компаниясы Жамбыл облысында фри картобын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 145 млн АҚШ. доллары.
«QazSugar» компаниясы Жамбыл облысында қант өндіретін зауыт салу жобасын іске асыруда. Жалпы құны 220 млн АҚШ долларын құрайды.
Түркиялық «Goknur Gida» компаниясы Жамбыл облысында аумағы 5 000 га құрайтын қарқынды бақ отырғызу, жеміс өңдеу цехтарын салу жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның жалпы құны 98 млн АҚШ долларын құрайды.
Сонымен қатар германиялық «Baumann» компаниясы қазіргі уақытта Алматы облысында 31,2 млн АҚШ доллары сомасына қой етін өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруда.