Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.
«Республикалық апелляциялық комиссия олардың арыздарын жан-жақты қарап шығатын болады», - деп атап көрсетті М. Сарбеков.
Естеріңізде болса, маусымның 1 күні С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университетте тест тапсырған түлектердің алғашқы легін тексеру кезінде кейбір полиция қызметкерлері жұмыс бабын асыра пайдаланып, мектеп оқушыларын іш киімдеріне дейін тексерген.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ондай оқиғалардың жеке фактісін ғана анықтады.