Ұлыбританиялық ғалымдар мен студенттер Жетіжар ауылдық округы аумағында орналасқан ежелгі қорғандарда зерттеу жұмыстарын жүргізбек.
Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсемгүл Қалтаеваның айтуынша, англиялық археологтармен қатар Павлодар облысынан да ғалымдар келген. «Қонақтардың арасында бұрыннан ежелгі обаларды зерттеумен айналысып жүрген Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері де бар», - дейді ол.