Ағылшын футбол клубының қақпашысы матчта бәліш жеп жұмысынан қуылды
Ойын басталмай тұрып, букмекерлер салмағы 125 келі тартатын қақпашы Уэйн Шоудың матч кезінде бәліш жейтін, жемейтіндігіне қатысты бәс тіккен.
Ставкалар айтарлықтай ірі коэфицентпен қабылданған (сегізге бір). Матч соңында трансляция режиссері қосымша ойыншыларға арналған орындықта бәліш жеп отырған 46 жастағы Шоуды ірі планмен көрсетті. Ақырында букмекершілердің бәс тіккенін қақпашының алдын ала білгені анықталды.
Бұл оқиға келісіммен бәс тігуді тергеу комиссиясы және Англия футбол қауымдастығының назарына ілікті. Қақпашы айыппұл төлеп, жұмыстан шеттетілуі мүмкін.
Шоудың өзі бәс тігуге түбегейлі тыйым салынған кәсіби футболда жүргендіктен ешқандай бәс тіккен жоқпын деп сендіруде. Қақпашының айтуынша, шынымен қарны ашқан соң ғана бәліш жеген, әрі бұл әрекетін қызық болады деп ойлаған.
Аталған даудың кесірінен қақпашы жұмыстан кетуге мәжбүр болды. «Саттон Юнайтед» басшылығы Шоудың жұмыстан босату туралы өтініш жазғанын және оның қанағаттандырылғанын растады.