Ал ІІ Елизаветаның серігінің рөлін оның отандасы, актер Дэниэл Крейг ойнады.
«Патшайым оған осындай теңдессіз жобаға қатысу туралы ұсыныс жасалғанына аса қуанышты болды», - деп мәлімдеді Букингем сарайының баспасөз қызметінің өкілі, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС .
Олимпиаданың ашылу салтанатына арналып түсірілген қысқаметражды фильмнің қоюшысы - «Лашықтан шыққан миллионер» фильмі үшін «Оскар» сыйлығын алған британдық режиссер Дэнни Бойл.
Фильмге түсу туралы ұсыныс Букингем сарайына өткен жылы келіп түскен. ІІ Елизавета фильмдегі өз рөлі туралы естіген соң көп ұзатпай келісімін берген.