Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Шет елдердегі Әбіләзовтің активтері бойынша белсенді жұмысты Қазақстанның БТА банкі жүргізуде. Бізге белгілісі, қазіргі күні Ұлыбританияның сотымен жалпы 3,5 млрд. доллардан асатын сомаға БТА банктің талап-арызы қанағаттандырылды. Әбіләзовтің көптеген активтеріне қатысты шектеу енгізілген. Бұл активтердің сатылуымен және оның қаражатының Қазақстанға қайтарылуымен БТА банк айналысып жатыр», - дейді ресми өкіл Н. Сүйіндіков.