Англия және Франция құрамалары арасындағы жолдастық кездесу алдында ағылшын жанкүйерлері қонақтардың әнұраны - «Марсельезаны» француздармен бірге әуелетпек. Telegraph хабарлағандай, бұл идея әлеуметтік желілерде тараған екен.
Матч Лондондағы «Уэмбли» стадионында 17 қараша күні өтеді. Алаңға шығатын қос құраманың әнұрандары дәстүрлі түрде ойын басталар алдында орындалады. Фото: © РИА Новости . Алексей Филиппов