Ағылшындарға қарсы бокстасатын «Астана Арланстың» құрамы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 мамырда Англияның Шеффилд қаласында өтетін Astana Arlans - British Lionhearts командалары арасында WSB бірінші жартылай финалының матчындағы жұптардың құрамы белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

49 келіге дейін: Теміртас Жүсіпов - Яфай Галал

56 келіге дейін: Ілияс Сүлейменов - Фарелл Найл Дин

64 келіге дейін: Ділмұрат Мижитов - Смит Далтон

75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл - Уитакер Бенджамин

91 келіге дейін: Арбек Әбдуғаниев - Кларк Шевон

Кеше Astana Arlans қазақстандық командасы Ұлыбританияға барып, алдағы матчқа дайындықты бастап кетті.