Ағылшынша-қазақша онлайн сөздік ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшынша-қазақша онлайн сөздік ашылды, мекенжайы: www.eng-kaz.kz.

"Бұл тек қана сөздік емес, аудармаға қажет көмекші құрал. Еңбектің туу тарихы және басқа да мәліметтерді аталған сайттан табуға болады. Осы сайтты ашқандағы мақсатымыз - қазақша - шет тілінше - қазақша сөздіктерді насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ сөздікке қатысты сауалдар, ескертпелер мен ұсыныстар не қосымшалар болса, мына электронды почтаға жолдауға болады: engkazkz@gmail.com .