«29 тамызда еліміз Мұнайшылар күнін атап өтетінін білесіздер. Осы ретте бұл күні Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин, «ҚазМұнай Газ» компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың қатысуымен Қазақстанның мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салтанатты жиыны өтеді»,-деді ресми өкіл.
14:15, 26 Тамыз 2013
Ағымдағы аптада Мұнай және газ министрлігі мұнайшыларды мерекелік салтанатты жиында құттықтайды
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Осы аптада елімізде Мұнайшылар күні атап өтіледі. Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.