Ағымдағы аптада Нью-Йоркте ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтеді

None
МӘСКЕУ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясында «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының арасындағы ынтымақтастық» қарарының орындалу барысы қаралады,

деп хабарлады Ұйым Хатшылығының баспасөз қызметінен.

«ҰҚШҰ халықаралық деңгейде қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету проблемаларын ашық және егжей-тегжейлі талқылауға үлкен мән береді. Осы тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы, біздің көзқарасымызша, қазіргі ығыттар мен қауіп-қатерлерге қарсы күресу шараларын талдаудың және солар бойынша өзара пікір алмасудың үздік форматтарының бірі»,- деп мәлім етті АҚШ-қа аттанардың алдында сұхбат берген ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа.

Н.Бордюжа сапар барысында сондай-ақ, «БҰҰ басшылығымен бітімгершілік және дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі бірлескен іс-қимылдар саласындағы ынтымақтастық мәселелері» бойынша консультация жүргізеді. Оған қоса, қауіпсіздік саласында әрекет ететін басқа аймақтық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізілмек.

«БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының бастапқы кезеңінде Н.Бордюжа қыркүйектің 23-інде Нью-Йоркте өтетін ҰҚШҰ елдері сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне қатысады», делінген ресми хабарламада.