Ағымдағы аптаның соңы елордада жауын-шашынсыз өтеді

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада жұмыс аптасының басында ауа райы бұлыңғыр болса, аптаның ортасы жауын-шашынсыз болады.

Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, жұмыс аптасының екінші жартысында көшпелі бұлт шығады, демалыс күндері жаңбыр жаумайды.

«Бейсенбі күні Астана жауын-шашынсыз болады. Солтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8 10°C, күндіз 22 24°C деңгейінде қалыптаспақ», - делінген «Қазгидромет» мәліметінде.

Жұма күні елордада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды, түнде тұман болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 10 12°C, күндіз 23 25°C-ге дейін жетеді. Сенбі күні де көшпелі бұлт қозғалып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 10 12°C, күндіз 23 25°C жылы болады.