Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан тәуекел менеджменті туралы 6-шы халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Көп полярлы әлемге көшу жүзеге асты. Біз қазір 1 не 2 полярлық әлемнен көпполярлыққа көшу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Көпполярлық әлемде көшбасшылар көп болады және ол дау-дамайдың салмақты көзі боп табылады. Көпполярлық саяси дау-жанжалдарды реттеуде, халықаралық сауда кооперациясын ұйымдастыруда жаңа тәртіпті қажет етеді. Ағымдағы ғаламдық инститтутар көпполярлы әлемге есептелмеген. Олар бір әлемге ғана есептелген. Бұл алғашқы кезекте АҚШ. Бүгінгі жағдайға қолданатын тәртіп әзірге жоқ. Оны қазір жасау керек", дейді "Дағдарыстан кейінгі әлем институттары" қорының директоры Екатерина Шипова. Оның айтуынша, көпполярлы әлемнің жаңа тәртібін дағдарыс толқынында өсімі, дағдарысқа қарсы тиімді саясаты және дау-жанжалдарды бейбіт шешуде тәжірибесі барлар жасайды. Қазақстан бұл жағынан үлгілі ел бола алады. Оған сондай-ақ, Қазақстан Президентінің беделі мен үлкен тәжірибесін де қосуға болады. Сол себепті де Қазақстанның көпполярлы әлемнің жаңа тәртібін жасау бастамасын ұсынуға мүмкіндігі мол.